• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Кітап көрмелер

"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында

Құрметті оқырмандар! Апталық көрме өз жұмысын бастады!

30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ғалым, географ, этнограф, тарихшы, өлкетанушы - Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай “Серікбол Қондыбайдың ғылымдағы қисындары мен қағидалары” атты оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым, өлкетанушы - Мұрат Ақмырзаев,

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Эльвира Абланова,

Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейдің директоры - Рима Бердиева және Ақтау қаласындағы Серікбол Қондыбай атындағы 22мектеп пен Мұнайлы ауданындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Шараға қатысушылар Серікбол Қондыбайдың шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, ғалымның еңбектерінен, шығармашылығынан зерттеу жұмыстарын көрсетіп, баяндамаларын таныстырды.

Шетпелік Өнер колледжінің студенті Сыдықова Ақбота “Көлқайнар”, “Шалқымалы” әндерін домбырамен орындап, өнерін ортаға паш етті.

Шара соңында конференцияға қатысушыларға облыстық кітапхана атынан кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.

Сонымен бірге Шетпедегі Серікбол Қондыбай Музейі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің көрмесі көпшілікке таныстырылды. Көрме кітапхана фойесінде бір апта бойы жұмыс жасайды. Келіңіздер! Көрмемен танысуға шақырамыз!

362 әулиелі қасиетті Маңғыстау топырағында туып өсіп, түркі мифологиясын, жауынгерлік рух пен дәстүр-салтын зерттеген ғалым, ерекше дарын иесі -Серікбол Қондыбайдың мұрасы конференция қатысушылары мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.

#бірөлкебіртұлға

#серікболқондыбай55жыл 

: 15:59  


Абонемент бөлімінде Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай "Көкте ...

Жаңалыққа өту  

Өнер бөлімінде "Өнер өріндегі өр тұлғалар" атты ІІ жартыжылдық кітап көрмесі өз жұмысын бастады.                                                      ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай кітапханамыздың өнер бөлімінде кітап көрме ұйымдастырылды.  Шамшадин ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде журналист, жазушы  Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына 85 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

«Мен­дегі бар қымбат нәрсені осынау жа­рық дүниеге тастап кеткім келеді-ақ. Жи­нап-терген, түйсініп-түйген тәжірибем, бар білімім мен білігім ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

Балалар бөлімінде 2018 жылдың бірінші тоқсанында келген  жаңа кітаптар көрмелері өз жұмысын жалғасуда. ...

Жаңалыққа өту  

21 ақпан -  Ана тілі күні мерекесі. Осыған орай 15- ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Қасиет пен құт дарытқан ана тілі" ...

Жаңалыққа өту  

"Өнер өріндегі өр тұлғалар" атты 2018 ж. І жартыжылдық кітап көрмесі өз жұмысын бастады. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу